Қазақстандық Айя Айтбай садақ атудан халықаралық дәрежедегі төреші атанды, деп жазады Olympic.kz.
20 жастағы Қазақстан құрамасының мүшесі Айя Орта Азиядан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі төреші болып отырғанын айта кету керек. Былтыр ол Қытайда өткен жазғы Азия ойындарында төрелік етті. Ал бұл жарыста Үндістан, Жапония, Малайзия және қытайлық мамандар төрелік еткен болатын.
Ал биыл оған Франция тарапы халықаралық дәрежедегі төреші атағы үшін акредитациядан өткенін растады.
Айя қазіргі таңда 2026 жылы Африка құрлығында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алуды көздеп отыр.