Садақ ату
Кеше 16:41

Қазақстанның үш садақшысы Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінің үшінші айналымына өтті

©ҚР ҰОК

Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды.

Халықаралық турнир аясында блокты садақ атудан жарыстың бастапқы кезеңдері өтті.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі үшінші айналымға шықты. 1/16 финалда Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян және Диана Юнусова сынға түседі.

Мұса Ділмұхамет 1/16 финалда нидерландтық Майк Схлуссерпен кездеседі. Виктория Лянның қарсыласы неміс елініңі өкілі - Катарина Рааб болса, Диана Юнусова 1/8 финалға шығу үшін бритардық Элла Гибсонмен бақ сынайды.

 

Сондай-ақ бүгін, 10 маусымда, классикалық садақ атудан жарыстар басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport