Садақ ату
Бүгін 17:20

Қазақстанның садақшылар командасы Азия кубогында жеңімпаз атанды

©ҚР ҰОК

Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр.

Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті. Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport