Қазақстан құрамасы садақ атудан Түркияның Анталья қаласында өтетін Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады.
Алдағы жарысқа қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады.
Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:
Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Иван Берча, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Диана Тұрсынбек, Медина Мұрат, Самира Жұмағұлова.
Блоктық садақ ату: Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Диана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 9-14 маусым аралығында өтеді.
Жарнама