Қазақстандық садақшылар Шанхайда тарихи жүлде жеңіп алды

©olympic.kz

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола жүлде иеленді. 

Одан бөлек, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберген. 

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметва қорғады. 

Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде жүлделі болмаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: