Садақ ату
18 маусым 12:48

Қазақстан садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі жалғасуда. Қазақстан құрамасы қоржынына қола медаль түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Бангладешпен кездесіп, бұл бәсекеде біздің спортшылар 230:224 есебімен жеңіске жетті. Команданың намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.

Азия кубогының алтын жүлдесі үшін енді Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістанға небәрі бір ұпай айырмасымен жол берген болатын — 229:230.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport