Садақ ату
12 қыркүйек 14:07

Қазақстан құрамасы садақ атудан әлем чемпионатында алтыншы орын алды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық садақшылар Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді.

Отандастарымыз блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Нидерланд құрамасынан 153:155 есебімен жеңіліп қалды.

Нәтижесінде Қазақстан командасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, әзірге ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан қола медаль жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport