Азия кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстан садақшыларының тізімі жарияланды

©ҚР ҰОК

Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогының кезеңі өтеді.

Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Отандастарымыз жекелей және командалық сайыста бақ сынайды.

Ұлттық құраманың тізімі:

Классикалық садақ, ерлер: Мухаммад Бегайдар, Әлемхан Қабдрахманов, Қамар Рахымжан, Санжар Ержанұлы

Классикалық садақ, әйелдер: Назеркеш Әлібек, Ангелина Власова, Ясмин Ғалиахмет, Анастасия Солодовникова

Блоктық садақ, ерлер: Данияр Жұмаев, Ислам Серікұлы, Никита Ивлев, Павел Кузнецов

Блоктық садақ, әйелдер: Аяжан Жақсылық, Милана Бурлева, Эльмира Раисова, Жанель Шадьярова

Айта кетейік, Азия кубогының кезеңі 24-29 қазан аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport