Су добынан Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы Ресей чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресей чемпионаты аясында ерлер командалары арасында 6-шы кезең ойындары өтті.
Доданың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы екі ойын өткізді. Қазақстан құрамасы "Синтез" командасымен кездесті. Екеуара кездесудің екі ойыны да Қазақстан үшін сәтті аяқталды.