auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
©kazsports.kz

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Таиландтың Самутпракан қаласында су добынан сары құрлық бәсекесі басталды. Мұнда жүлдеге қол жеткізген құрамалар келесі жылы Жапонияның Фукуока қаласында өтетін су спорты түрлерінен ХХ Әлем чемпионатына жолдама алатынын айта кетейік.

А тобына түскен Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы матчта жарыс қожайыны Таиландты сенімді жеңді. Есеп: 15-4. Бұл екі құрамадан бөлек, мұнда Үндістан, Иран мен Оңтүстік Корея бар. Ал В тобында Жапония, Қытай, Сингапур, Кувейт пен Гонконг ойнайды.

Енді Дамир Темірханов баптайтын су добы шеберлері 9 қарашада Үндістанмен, сосын Иран (10 қараша) және Оңтүстік Корея (11 қараша) құрамасымен шеберлік байқасады. Ширек финал матчтары 12 қарашаға жоспарланған.

Қазақстан құрамасының ойыншылары: Олжас Қаныш, Мұрат Шәкенов, Даниил Матолинец, Егор Белоусов, Сұлтан Шоңжігітов, Руслан Ахметов, Данил Артюх, Максим Ламаев, Егор Бербелюк, Эдуард Цой, Темірлан Балфанбаев, Анатолий Пустовалов, Алексей Шмидер; Бас бапкер – Дамир Темірханов.

Әйелдер бәсекесі

Пандемиядан кейінгі алғашқы құрлық додасына 6 ел өз мықтыларын аттандырыпты. Қазақстан құрамасы ертең алғашқы ойында Оңтүстік Кореямен кездеседі. Ары қарай Қытай (9 қараша), Сингапур (10 қараша), Жапония (11 қараша), Таиландпен (12 қараша) кім мықтыны анықтайды. Мұнда ширек финал 13 қарашада өтпек.

Ұлттық құрама ватерполшылары: Александра Жарқымбаева, Анна Турова, Анна Новикова, Валерия Колесниченко, Виктория Хританькова, Виктория Каплун, Дарья Починок, Валерия Аносова, Анастасия Цой, Дарья Муравьева, Дарья Рога, Анастасия Глухова, Елизавета Руднева; Бас бапкер – Андрей Сазыкин.

Биылғы чемпион мен жүлдегерлер 14 қарашада белгілі болады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
4 ақпан 2019, 12:01
Су спорты
Дархан Ұнайғалиев. © Аида Бектурова Әскери үш сайыс үміті

Жарнама

Жарнама