Су добынан Қазақстан ерлері Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды

©Спорт және денешынықтыру комитететі

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында су добы сайысы өз мәресіне жетті.

Қазақстан ерлер құрамасы Жапониямен қола жүлдені сарапқа салды.

Шешуші кездесу отандастарымыздың жеңісімен аяқталды. Қазақстан 16:14 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Таиланд құрамасын жеңген әйелдер құрамасы да қола жүлдеге ие болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport