Су спорты
17 шілде 14:47
 

Сингапурдағы су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандықтар жүлде ала алмады

  Пікірлер

blog.share

Сингапурдағы су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандықтар жүлде ала алмады © Instagram/@cherepanov_lev

Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы алғаш болып 10 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түсті.

blog.share

Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы алғаш болып 10 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түсті.

Отандастарымыз жүлдеге қол жеткізе алмады. Лев Черепанов 30-орынға жайғасты. Әйелдер арасында Дарья Пушко 47-орынды иеленсе, Мария Федотова мәре сызығына жете алмады.

Ерлер арасында алтын жүлдені Германия өкілі Флориан Велльброк жеңіп алды. Күміс жүлде италиялық Грегорио Пальтриньериге, ал қола - аустралиялық Кайл Лиге бұйырды.

Әйелдер арасында аустралиялық Мойша Джонсон жеңіске жетті. Күміс жүлдені италиялық Джиневра Таддеучи, ал қола медальді Монако өкілі Лиза Пу жеңіп алды.

Айта кетейік, ашық суда жүзуден келесі жүлделер жиынтығы 18 шілдеде сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!