Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин карьерасын аяқтады

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин спорттық карьерасын аяқтады, деп хабарлайды ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

"Олимпиаданы бағындырғандар үлкен спорттан кейін басқа салаға кетпей, одан соң да сол спортқа үлесін тигізуі тиіс. Сенің бапкерлікке ауысуыңа орай қаншалықты қазақ спортына керектігің білінеді. Біздің тараптан саған барынша қолдау көрсетуге әзірміз", - дейді Ерғалиев.

Еске салайық, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында жүзу спортында құрама қоржынына алтын медаль салған еді. Сонымен қатар, 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында 3 дистанцияда чемпион атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар