Қазақстандық Мария Бровкова Венгрияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 1000 метр қашықтықта (жалғыз өзі каноэде) алтын медаль жеңіп алды.
Марияның мәре уақыты - 4: 35.69. Панна Гьер (Венгрия) екінші болды - 4:37.76. Үздік үштікті португалиялық Беатрис Фернандес қорытындылады - 4:38.66.