Су спорты
21 шілде 17:27

Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден ӘЧ-де үздік ондыққа кірді

©ҚР ҰОК

Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр.

21 шілдеде Виктор Друзин әртістік жүзуден еркін жаттығуда өнер көрсетті.

Отандасымыз финалдық сында 197.9225 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді.

Алтын медальді ресейлік Александр Мальцев жеңіп алды - 229.5613. Муе Го (Қытай) 220.1926 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Италия өкілі Фелиппо Пелати 213.9850 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport