Су спорты
Бүгін 17:18

Қазақстан су добынан әлем чемпионатында Уругвайды ойсыратты

©

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін жалғастыруда.

Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды. Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.

Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport