Су спорты
24 шілде 15:45

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден су спорты түрлерінен әлем чемпионатының финалына жетті

©ҚР ҰОК

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыстың финалына жолдама алды.

Ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламаның іріктеу кезеңінде 190.1238 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады. 

Қазақстан құрамасы сапында: Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецева, Жания Жиенғазы өнер көрсетуде.

Айта кетейік, финалдық сайыс 25 шілдеде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport