Қазақстан Азия чемпионатының финалына жолдамаға таласады

©ҚР ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Ұлттық құрама ширек финалда Өзбекстаннан басым түсті. Кездесу 27:11 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда отандастарымыз Қытай құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, сондай-ақ әйелдер командасы да жартылай финалға шығып, Қытаймен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport