Су спорты
6 қазан 15:58

Қазақстан Азия чемпионатында алтын, күміс және қоланы да жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары жалғасуда.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста үш жүлде жеңіп алды.

Командалық сайыста (техникалық бағдарлама) отандастарымыз бірінші орынға ие болды.

Аралас жұптар арасында (техникалық бағдарлама) Эдуард Ким мен Карина Магрупова күмістен алқа тақты.

Ал жұптар арасында өткен сайыста (техникалық бағдарлама) Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова қола жүлде иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport