Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтетін ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды:
- Саида Елемес;
- Ярослав Губарев;
- Тимофей Лебедев;
- Руслан Максимов;
- Дарина Сысоева.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3-6 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына 5, 7,5 және 10 шақырымдық қашықтықтар, 3 шақырымдық нокаут-спринт, сондай-ақ аралас эстафеталар енгізілген.
Жарнама