Қазақстан АЧ-нің жалпыкомандалық есебінде екінші болды

©ҚР ҰОК

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 23 медаль жеңіп алды.

Отандастарымыздың қоржынында 8 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде бар.

Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды.

Бірінші орынға Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) жайғасса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport