Су спорты
18 шілде 17:37

Карина Магрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына жетті

©kursiv.media

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда.

18 шілдеде әртістік жүзуден жарыстар басталды. Бұл сында Қазақстан атынан Карина Магрупова өнер көрсетті.

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасы бойынша 232.2050 ұпай жинап, 12 орынға жайғасты. Осылайша, Карина Магрупова финалда бақ сынайды.

Айта кетейік, финалдық сайыс 19 шілдеде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport