Елордада жүзу спортынан Қазақстан чемпионаты басталды

©Global Look Press

Ел астанасында ұлдар мен қыздар арасындағы жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Барыс Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам спортшы қатысуда. 2006-2007 жылғы және одан кіші спортшылар жүзуден бірнеше санат бойынша өзара мықтыны анықтайды. Атап айтсақ, құлаштап жүзу, брасс, баттерфляй және эстафета бойынша үздіктер анықталады.

Байрақты бәсеке төрт күнге созылып, сәуірдің 30 күні өз мәресіне жетеді. Топ жарған спортшылар аталмыш жарыста өздерінің спорттық разрядтарын арттыруға мүмкіндік алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар