Америкалық футбол жұлдызы 25 жасында қаза тапты

©Tiells

Ұлттық футбол лигасындағы (NFL) "Аризона Кардиналс" клубының ойыншысы Джефф Глэдни көлік апатынан қаза болды, деп хабарлайды ESPN.

Қайғылы оқиға дүйсенбіде Даллас округінде (Техас, АҚШ) болған. Жол апатынан Глэднидің көлігінде болған қыз да қаза тапты.

Алдын ала ақпарат бойынша, NFL ойыншысы қатты жылдамдықпен алда келе жатқан көлікті қаққан. Осыдан кейін өз көлігін басқара алмай, тосқауылға соғылып, аударылып кеткен. Өзге көліктегілер зардап шеккен жоқ.

Глэдниді биыл наурызда Аризонамен келісімшартқа отырған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport