Валентина Хальзова әлем чемпионатының финалына шыға алмады

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Бүгін бокстан Ыстамбұлда әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы Валентина Хальзова мозамбиктік Алсинда Пангуанамен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Алсинда Пангуананың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Валентина Хальзова қола жүлдегер атанды

Еске салайық, бұған дейін Жайна Шекербекова және Карина Ибрагимова қола жүлдегер атанып, Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар