Үш құлатты. Қазақ боксшы АЧ-де қырғызбен екі раунд айқасты
Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда Қырғызстан елінің өкілі Сағын Сатыбалұлымен кездесу өткізді.
Бұл айқастың екінші раундында Нұрқатан қарсыласын нокаутқа түсірді. Оған дейін қырғыз боксшысы екі мәрте нокдаунда болған еді.
Айта кетейік, бүгін, 7 қараша Азия чемпионатының күндізгі сессиясында тағы үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Тарқатып айтсақ, 80 келідегі Нұрбек Оралбай таиландтық Вирапон Чонджохоға қарсы, ал әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай моңғол боксшысы Балсан Мунгунсаранмен айқасады.
Жарнама