Токиодағы Олимпиаданың жүлдегері әлем чемпинатының екінші кездесуін жеңіспен аяқтады

©ҚФБ

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз 1/8 финалда үндістандық боксшы Дипакпен кездесті. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Бибосыновқа берді. 

Еске салайық,бұған дейін Қазақстан құрамасынан ширек финалға Нұрқанат Райыс (75 келі), Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) шыққан еді. 

Бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар - Санатәлі Төлтаев (63,5) келі және Нұрбек Оралбай (80 келі). 

Бұл кездесулердің трансляциясын мына жерден көре аласыздар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар