Теміржанов Азия чемпионатында бірінші қарсыласын анық жеңді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

57 келі салмақта өнер көрсететін Теміржанов түркіменстан елінің боксшысы Ихлас Қылышжановпен кездесті. 

Бұл айқаста төрешілер 30:27, 30:25, 30:27, 30:27, 30:27 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Айта кетейік, бүгін қазақстандық боксшылардан шаршы алаңға Саматәлі Төлтаев (63,5 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) шаршы алаңға шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар