Тарихта бірінші рет әлем чемпионатында жүлдеге іліккен боксшыға сыйақы берілетін болды

©ҚБФ

75 жылға созылып келе жатқан тарихы бар AIBA бірінші рет әлем чемпионатында жүлдеге іліккен боксшыға сыйақы беретін болды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. 

Белградта (Сербия) өтетін әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 миллион доллар болды. Бұл чемпионатта топ жарған боксшы 100 мың доллар, күміс жүлде алған 50 мың доллар, ал қолаға іліккендер 25 мың доллардан алады. 

"Мұндай шешім боксшыларға үлкен көмек болады. Боксшылар тек рингтің ішінде ғана табысты болмай, рингтің сыртында да жемісті болуы керек. Яғни, қаржылай да өздерін еркін сезінуі қажет", - деді Әуесқой бокс ассоциациясының президенті Умар Кремлев. 

Ерлер арасындағы биылғы әлем чемпионаты 26 қазан мен 6 қарашада өтеді. 

Ал бұған дейінгі әлем чемпионаты 2019 жылы Екатеринбург қаласында өтті. Онда қазақстандық боксшылар бір алтын, бір күміс және төрт қола жүлде жеңді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар