Любительский бокс
19 сәуір 2018 14:15
 
Серік Сәпиев кәсіпқой боксқа ауыспағанына өкінетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Серік Сәпиев кәсіпқой боксқа ауыспағанына өкінетінін айтты ©:ҚФФ

Олимпиада чемпионы, бүгінгі мәжіліс депутаты Серік Сәпиев боксшы ретінде мансабын аяқтаған уақытта кәсіби боксқа ден қоймағанына өкінетінін айтты.

Еl.kz басылымынаа сұхбат берген ол, боксшы ретінде мансабын аяқтағанда, қәсіби боксқа ауысуым керек еді деген өкінішін айтып қалды.

"Мен спортшы ретінде мансабымды аяқтап, бокстан кеткен сәтте неге кәсіби боксқа бармадым деген ой болды. Ой емес тіпті, өкініш те шығар", - дейді Олимпиада чемпионы.

Сонымен бірге ол өмірде ащы да болса шындықты айтуды жөн санайтынын атап өткен.

"Негізі шындықты ұнатамын. Ағама ешқашан өтірік айтпадым деп айта аламын. Кіші кезімде ата-анама айтқан шығармын, бірақ өтірік емес, тек кей нәрселерді айтпай, бұғып қалуды жөн санайтын кездерде ғана солай жасауға тура келді. Әйеліме келер болсам, кейде болады енді. Ол өтірік емес, жаңа атап кеткенімдей, тек кей жайттарды жасырып қалу шығар", - деп күлді спортшы.

Ал басылымның "неден қорқасыз?" деген сауалына "ата-анамның өміріне алаңдаймын" деп қысқа ғана жауап берген боксшы.

Жарнама

Живи спортом!