Өзбекстан құрамасының алтыншы боксшысы әлем чемпионатында жеңіліс тапты

©ASBC

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының тағы бір боксшысы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл жолы Өзбекстан құрамасынан Асадхуджа Мудинхуджаев жеңілді. Ол 1/8 финалда жапониялық Севонретц Окадзавамен кездесіп, ұтылып қалды.

Осылайша, Өзбекстан құрамасынан алтыншы боксшы жарыс жолын аяқтады. Бұған дейін өз кездесулерін Шахрам Гиясов, Шахобиддин Зоиров, Миразизбек Мирзахалилов, Хасанбой Дусматов және Шохжахон Абдуллаевтар жарыс шығып қалған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар