Өз жеріміздегі жарыста бар күшімізді саламыз - Қайрат Ералиев

© olympic.kz
Бокстан елордада өтетін Президент кубогіне қатысатын спортшылар қатарында 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев те бар. Танымал боксшы өз жеріміздегі додаға дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты. 

"Президент кубогі жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетелдердің үздік боксшылары бас қосатын турнир бұл. Біздің дайындығымыз жоғары деңгейде. Сәтті өнер көрсетіп, ел үмітін ақтаймыз деген сенімдемін. Кубоктік дода Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі саналады. Себебі, әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар осы жарыс қорытындысы бойынша іріктеледі. Сондықтан, біздің боксшылардың аянып қалмайтыны анық. Барлық жігіттерден жеңіс күтеміз. Қарсыластар да осал емес. Турнирге үздік боксшылар қатысады. Ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Барлығы да мықты боксшылар", - дейді Ералиев.
Метки:
Жаңалықтар