Любительский бокс
14 шілде 2021 17:25

Олимпиадада топ жарған боксшылар қосымша 100 мың долларын алады

Сурет: ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Токио Олимпиадасында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшыларға қосымша жүлде қорын тағайындады.

Бірінші орын иегеріне - 100 мың, екінші орынға - 70 мың, үшінші орын үшін - 50 мың АҚШ доллары беріледі.

Сонымен қатар, боксшылардың жеке бапкерлері де қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталады. Олимпиада чемпионын дайындаған жаттықтырушы - 25 мың, күміс жүлдегердікі - 15 мың, қола медаль иегерінің бапкері - 10 мың АҚШ долларын алады!