Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас әлем чемпионатында кездеспейтін болды

©ҚФБ

Қазақстандық боксшылар Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас Ыстамбул қаласында басталатын әйелдер арасындағы әлем чемпионатында кездеспейтін болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әу баста бұл әлем біріншілігінде Қызайбай да, Лукас та 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететіні айтылған еді. Бірақ соңғы сәтте Лукас 52 келіге сынға түсетін болды. Ал Назым болса 50 келіде бағын сынайды. Осылайша, бітіспес қарсыластар Түркия жерінде әлем біріншілігінде бір-бірімен кездесе алмайтын болды. 

Қызайбайдың орнына Лукас Жайна Шекербековмен кездесуіп қалуы мүмкін. Бірақ ол үшін екі боксшы да финалға дейін жетуі керек. 

Айта кетейік, әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Ангелина Лукас IBA атынан, яғни босқындар құрамасының атынан өнер көрсетеді. Ол ұлттық құрамадағы даудан кейін Қазақстан чемпионатына қатыспай, кәсіпқой боксқа ауысып кеткен болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
17 қыркүйек, 11:30
Любительский бокс
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны аусты