Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда моңғол боксшысы Балсан Мунгунсаранмен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қызайбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Еске салайық, осыған дейін жартылай финалға Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) шықты.