Любительский бокс
27 сәуір 2018 15:55
 
Мырзағали Айтжанов Азия ойындарына қатысатын қазақ боксшыларының тізімін қашан жариялайтынын хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағалий Айтжанов Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Украинада өткен оуқ-жаттығу жиындарып қорытындылап, Индонезияда өтетін Азия біріншілігіне қатысатын боксшылардың тізімін қашан жариялайтынын айтты. 

Қазақстан, Украина, Өзбекстан және Түркімен құрамаларының қатысуымен жолдастық турнир қазіргі уақытта Харьков қаласында өтіп жатыр. 

- Команда жұмыс істеп, жаттығу жасап жатыр. Барлығы жақсы. Жекпе-жектің нәтижесі - ең маңызды дүние емес. Бастысы боксшыларымыз тәжірибесі жинаса болды. Сондықтан да бұл турнирдегі боксшыларымыздың нәтижесіне көңіліміз толады, - деді Айтжанов. 

- Боксшыларымыз Азия ойындарына дейіін қандай бәсекелерде бақтарын сынайды? "Сары құрлықтың" басты додасына қатысатын боксшылардың тізімін қашан жариялайсыз?

- Мамырдың аяғында Санкт-Петербурге турнир өтеді. Сонымен Қазақстан президентінің кубогі (4 және 11 маусым аралығында Астанада) бар. Осы жарыстардан кейін Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімін жариялаймыз. 

- Украинада өтіп жатқан жаттығу жиындарына Өзбекстан мен Түркіменстан құрамалары өздерінің мықты боксшыларын алып келді ме?

- Түркіменстан құрамасы бірінші нөмірлі боксшыларын алып келген. Ал Өзбекстан құрамасы сапында екінші және үшінші нөмеірлі боксшылар жүр. 

Айта кетейік, Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Джакарта қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы бұл бәсеке топ жаруды көздеп отыр. Бірақ алдағы Азия ойындарында боксшылар тоғыз салмақтың орнына жеті салмақта жүлделерді сарапқа салады. 

Суреттер Украина бокс федерациясының ресми сайтынан алынды. 

Жарнама

Живи спортом!