Любительский бокс
7 наурыз 2021 13:11

Левит те жеңіліп қалды. Қазақстандық боксшылар Испанияда бір ғана алтын жеңді

Сурет: Данияр Майлыбаев©

Испанияда бокстан әуесқойлар арасында Boxam деп аталатын турнир мәресіне жетті. Бұл жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасы бір ғана алтын жүлде жеңіп алды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Жалғыз алтынды 52 килода өнер көрсеткен Махмуд Сабырхан алды. 

Негізі бұл турнирдің финалында Василий Левит те өнер көрсеткен. Алайда 92 килода сынға түскен отандасымыз ақтық сында жеңіліп, күміс жүлдені қанағат қылды. 

Ал Испания жерінен Серік Теміржанов (57 кило), Абылайхан Жүсіпов (69 кило), Бекзад Нұрдәулетов (81 кило) және Нұрлан Сапарбай (91 килодан жоғары) қола жүлде алып қайтты.