Любительский бокс
5 ақпан 2018 16:21
 
Левит бокстың Олимпиада ойындарынан шеттетілуі туралы әңгімеге қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Левит бокстың Олимпиада ойындарынан шеттетілуі туралы әңгімеге қатысты пікір білдірді Василий Левит. Сурет: kfb.kz

2016 жылы Риоде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит бокстың 2020 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілуі туралы ойымен бөлісті. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында боксшы мұндай әңгіме шындыққа жанаспайтынын айтты. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК)боксты  2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада бағдарламасынан шығарып тастауды қарастырып отыр. Бұл туралы ХОК-тың басшысы Томас Бах айтты. 

"Боксты Олимпиада ойындарынан шеттетеді дегенге сену қиын. Менің ойымша, бұл қисынға келмейтін нәрсе. Өйткені, бокс Олимпиададағы ең қызықты спорттың түрі. Сондықтан да боксты Олимпиададан шеттетеді деген әңгімеге сенбеймін", - дейді Левит. 

Айта кетейік, МОК мұндай мәлімдемені AIBA ішіндегі проблеммаларға негіздеп айтып еді. Комитет ұйымның басшыларына, қаржылық жағдайына және Олимпиада кезінде төрешілердің әділ жұмыс істеуіне күмәнмен қарап отыр. ХОК басшылары Риода өткен Олимпиадада екі жекпе-жек күмән келтіреді екен.

Оның біріншісі ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақстандық Василий Левитті жеңген кездесу болса, екіншісі тағы бір ресейлік боксшы Владимир Никитен мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу.

Жарнама

Живи спортом!