Любительский бокс
17 қаңтар 2017 10:47
 

Левит әуесқой бокста қалады

  Пікірлер

blog.share

Левит әуесқой бокста қалады ©Vesti.kz

Риода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит әуесқой бокста қала бермек. Бұл туралы боксшының өзі Forbes.kz журналына берген сұхбатында айтты. 

blog.share

Риода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит әуесқой бокста қала бермек. Бұл туралы боксшының өзі Forbes.kz журналына берген сұхбатында айтты. 

"Әзірше әуесқой бокста қаламын. Қазір Алматыдағы Бүкіл әлемдік бокс академиясында ұлттық құраманың жаттығу жиындары өтіп жатыр. Осы жиын барысында менің AIBA аясында өтетін қай жарысқа қатысатыным белгілі болады", - дейді боксшы. 

Айта кетейік, Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында Левит 91 келі салмақта күміс жүлде алған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалған еді. 

Ал, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасы сапында Рио Олимпиадасына қатысқан Біржан Жақыпов, Берік Әбдірахманов карьераларын аяқтаса, Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі болған еді. 

Жарнама

Живи спортом!