Қоңқабаев пен Аманқұлов Токио Олимпиадасына жолдама алды

© olympic.kz
Амманда өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржыны тағы екі жолдамамен толықты, -  деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбілхан Аманқұлов ширек финалда өзбекстандық Фанат Қахрамоновты төрешілердің бірауыз шешімен жеңді. Есеп - 5:0. Осылайша, Әбілхан елімізге бокстан бесінші Олимпиада жолдамасын сыйлап отыр.



Сондай-ақ, қазақстандық боксшылар алтыншы жолдамасына қол жеткізді. Кешкі сессияда ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Қамшыбек Қоңқабаев қытайлық Маймаийти Аемайитиді айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, аса ауыр салмақта сынға түскен команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайды.



Осыған дейін 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов, Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Надежда Рябец (75 келі) Токио Олимпиадасының лицензиясына иелік еткен болатын.
Жаңалықтар