Қоңқабаев, Бибосынов және Елеусінов жарты миллион теңгеден сыйақы алды

©Vesti.kz. Турар Казангапов

Қазақстандық боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов және Данияр Елеусінов жарты миллион теңгеден сыйақы алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ақшалай сыйлықтың сертификатын табыстау рәсімі Орал қаласында Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері барысында болды. Үш боксшы да 2021 жылғы табыстары үшін бұл турнирге арнайы қонақ болып келді. 

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев биыл Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал Сәкен Бибосынов Олимпиаданың қоласымен әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді. 

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы болған Данияр Елеусінов қазір ел намысын кәсіпқой бокста қорғап жүр. Ол 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен жекпе-жек кешінде жартылай орта салмақта IBO белбеуін жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар