Әуесқой бокс
25 тамыз 2021 18:26
 

Қазақстандық сегіз боксшы жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық сегіз боксшы жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының финалына шықты ©olympic.kz

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының сегіз спортшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

blog.share

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының сегіз спортшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Дубайда (БАӘ) жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 2005-2006 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысуда. 

52 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Бузургмехр Иксанов (Тәжікстан) - 3:2

54 келіге дейін: Адай Ниязбай - Чиринг (Непал) - үшінші раунд DSQ.

57 келіге дейін: Бахтияр Анарбаев - Шахбоз Дадажонов (Тәжікстан) - 5:0.

52 келіге дейін: Томирис Мырзақұл - Лазиза Юсупова (Өзбекстан) - 5:0

60 келіге дейін: Асем Таңатар - Мариам Мохаммед (Ирак) - 5:0

Құрлықтық доданың финалына Ақжан Түркістанова (75 келіге дейін) және Шұғыла Рысбек (81 келіден жоғары) мерзімінен бұрын жолдама алды.

Өз салмақтарында келесі спортшылар қол жүлдеге ие болғандар:

48 келіге дейін: Айдар Қадырхан
50 келіге дейін: Илья Калинин
75 келіге дейін: Даулет Тулемисов
46 келіге дейін: Елянура Турганова
48 келіге дейін: Анита Абишева

Естеріңізге сала кетейік, 26-27 тамыз күндері жасөспірімдер арасындағы кезекті жартылай финал жекпе-жектері өтеді.

Ал бүгін Дубайдағы жарыста жастар арасындағы финалдық бәсекеге қатысатын спортшылардың есімі белгілі болады. Тікелей эфир елорда уақытымен 18:00-де болады деп күтіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!