Любительский бокс
19 мамыр 2017 11:56
 
Қазақстандық боксшылар Ислам ойындарын үшінші орында аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшылар Ислам ойындарын үшінші орында аяқтады

Қазақстандық боксшылар Бакуде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы жарыстарын аяқтады.

Қазақстан екі алтын және үш қола медальмен жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «алтынды» Азат Махметов (52 кг) пен Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) иеленсе, «қоланы» Сұлтан Заурбек (60 кг), Қуан Қуатов (64 кг) пен Илья Очкин (69 кг) қанағат тұтты.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды - Әзербайжан, екінші орынды Өзбекстан  спортшылары алды. Үздік бестікте Сирия мен Түрікменстан бар.

1. Әзербайжан - 3-3-1
2. Өзбекстан - 3-0-2
3. Қазақстан - 2-0-3
4. Сирия - 1-1-2
5. Түрікменстан - 1-1-1

Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясынан хабарлағандай, 19 мамыр күні (сағат 18.00) Бакуден Алматы қаласына Ислам ынтымақтастығы ойындарында бокс пен таэквондодан өнер көрсеткен спортшылар ұшып келеді. Олардың арасында таэквондодан күміс жүлдегерлер Айнұр Есбергенова мен Әлімжан Серікбаев, сондай-ақ қол медаль иегері Жансель Дениз бар.

Боксшылар қатарында - Азат Махметов, Тұрсынбай Құлахмет, Сұлтан Заурбек, Қуан Қуатов пен Илья Очкин. Айта кетейік, Әзербайжанда 4-Ислам ынтымақтастық ойындары жалғасуда. Қазақстан қоржынында әзірге 10 медаль бар (2 алтын, 2 күміс және 6 қола).

Жарнама

Живи спортом!