Любительский бокс
8 қараша 2017 17:54
 
Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатын 6 медальмен аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатын 6 медальмен аяқтады

Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар арасында шаршы алаңға соңғы болып шыққан Валентина Хальзова (69 келі) күміс жүлдегер атанды.

Ол финалда Қытай боксшысы Гу Хонгпен жұдырықтасып,өкінішке қарай қарсыласына жол берді. Бұған дейін 64 келі салмақтағы Мадина Нұршаева ақтық сында қытайлық Ду Данды айқын басымдықпен ұтып, «алтын» иеленгенін хабарлаған болатынбыз. 

Осылайша, әйелдер арасында өткен Азия біріншілігін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 51 келіде Назым Қызайбай, 75 келіде Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева және ауыр салмақта (+81) Ләззәт Күнгейбаева Қазақстан қоржынына қола медальдар салған болатын.

Жарнама

Живи спортом!