Қазақстан құрамасында өзгерістер бола ма? Бокс федерациясының президенті жауап берді

©AIBA

Қазастан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатын қорытындылады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Әңгіме барысында ол Ұлттық құрамада әлі де өзгерістер болатынын айтты. 

- Әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының көрсеткен нәтижесін қалай бағалайсыз?

- Қазақстандық боксшыларыдың Белградтағы өнеріне көңілім толады. Біз жалпы командалық есепте екінші орын алдық. Бұл біздің құрама үшін үлкен жетістік. 

Мен бұл қызметке келгелі бері біраз дүние өзгерді. 2009 жылы Тимур Асқарұлы президент кезінде мен вице-президент болған едім. Біз осы жоспарды сол кезде құрған едік. Содан бері ақырындап өз жоспарымыз бойынша жүріп келеміз.  

Олимпиада ойындарында біз жанкүйерді жерге қаратқымыз келмеді. Бірақ Токиодағы нәтиже көңілден шықпады. Содан соң құрамада өзгерістер болды. Енді осы жаңарған құрам, жаңа бапкер алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтиже көрсете алады деп сенемін. 

- Токио Олимпиадасынан кейін құрам жаңарған еді. Енді Париж Олимпиадасына бұл жігіттердің қайсысы бара алады? Яғни, құрамада тағы өзгеріс бола ма?

- Менің ойымша, буын алмасу кезеңі әлі де болады. Өздеріңіз де көрдіңіздер, жеңіл салмақтағы жігіттер жақсы нәтиже көрсетті. Ал ауыр салмақтағы боксшылар әлі де ауысып жатыр, әлі бәсекелестік болады мұнда. Алда әлі талай халықаралық турнирлер бар. Сол жарыстарда бапкерлер жаңа боксшыларды тексеріп көреді. Жалпы менің бұл құрамаға көңілім толады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар