auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ боксшылары Тайландтағы халықаралық турнирді сәтті бастады

Қазақ боксшылары Тайландтағы халықаралық турнирді сәтті бастады
vk.com/ywch16
Бокстан Тайланд елінің астанасы Бангкокта өтіп жатқан "Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017" турнирін қазақ боксшылары сәтті бастады. Ел құрамасы сапында аттанған жеті боксшының алтауы екінші кезеңге өтті.

Бірінші кезеңде 49 келіге дейінгі салмақта Шалқар Айқынбай ғана қарсыласына есе жіберді. Ол тайландтық боксшы Саехан Самакпен жұдырықтасқан болатын. Төрешілер 3:2 есебімен шаршы алаң иесін жеңімпаз ретінде таныды. Өзге қазақ боксшылары қарсыластарына басымдығын байқата білді.

49 келіге дейінгі салмақта - Шалқар Айхынбай - Саехан Самак (Тайланд);
52 келіге дейінгі салмақта - Азат Махметов - Рароенмаемоей Артид (Тайланд);
56 келіге дейінгі салмақта - Нұрбол Қалжанов - Франко Барреро Майкел (Куба);
60 келіге дейінгі салмақта - Сұлтан Зауырбек - Чол Ман Чой (Солтүстік Корея);
64 келіге дейінгі салмақта - Қуан Қуатов - Синсири Бумжонг (Тайланд);
69 келіге дейінгі салмақта - Садриддин Ахмедов - Амангельдиев (Түрікменстан);
75 к келіге дейінгі салмақта - Ерік Әлжанов - Викаш Кришан (Үндістан).

Қазақ боксшыларының екінші кезеңдегі қарсыластары төмендегі жекпе-жектер қорытындысы бойынша анықталады.

52 келіге дейінгі салмақта - Чун-Син Ян (Қытай Тайпейі) - Джек Боуэн (Аустралия);
56 келіге дейінгі салмақта - Ху Нам Жо (КХДР) - Оюнбилег Мунхсаинхан (Моңғолия);
60 келіге дейінгі салмақта - Палмер Каррион Дариевски (Куба) – бірінші кезеңнен іріктеусіз өтті;
64 келіге дейінгі салмақта - Мухаммед Демиркай (Австралия) - Токас Рохит (Индия);
69 келіге дейінгі салмақта -  Сон Юн Хун (Корея) - Саесит Апичет (Тайланд);
75 келіге дейінгі салмақта -  Фромтай Наттанфон (Тайланд) - Куттия Патомсак (Тайланд).

Тайландтағы жарысқа ұлттық құрама жаттықтырушылары жас боксшылардың қатысатынын хабарлаған болатын. Ал негізгі құрам сәуір айының соңында Ташкентте басталатын Азия чемпионатына дайындығын пысықтауда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама