Любительский бокс
13 наурыз 2018 12:19
 
Қазақ боксшылары Польшадағы халықаралық турнирді бастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшылары Польшадағы халықаралық турнирді бастады Данияр Майлыбаев

Польша елінің астанасы Варшавада Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир басталды. Биыл бұл жарыс 35-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға 4 боксшымыз шықты. WSB сериясында 2 жыл қатарынан үздік боксшы атанған Асланбек Шымбергенов (69 кг) алғашқы кездесуінде поляк боксшысы Максимилиана Гибадлоны айқын жеңді. 56 кг-ға дейінгі салмақта Ілияс Сүлейменов болса түрікмен боксшысы Якуб Мередовтан айласын асырды.

Өкінішке қарай, қазақстандық екі боксшы жарысты алғашқы айналымда-ақ аяқтады. 52 кг салмақта Азамат Исақұлов Израиль елінің былғары қолғап шебері Давид Алавердянға (2:3) жол берді. Ал 60 кг-да Берік Әбдірахманов ресейлік боксшы Артур Субханкуловқа есе жіберді.

Бүгін күндізгі сессияда (сағат 16:00) Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) алғашқы кездесуіне шығады. Кешкі сессияда (22:00) Ержан Жомарт (49 кг), Ілияс Сүлейменов (56 кг) пен Айболды Дәуренұлы (+91 кг) шаршы алаңға шығады.

Ертең Абай Төлеш (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) пен Антон Пинчук (91 кг) алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Жарыс 16 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, бірер күн бұрын қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирге қатысқан болатын. Онда отандастарымыз олжалы болды. Жарыс жолына шыққан 6 боксшымыз да жүлделі орыннан көрінді. 5 алтын, 1 күміс алып, жалпы бейресми есепте бірінші орын алды.

Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.

Жарнама

Живи спортом!