auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ боксшылары Болгарияда бақ сынауда

Қазақ боксшылары Болгарияда бақ сынауда
Данияр Майлыбаев
Бокстан Болгария елінің астанасы Софияда «Страндж» халықаралық турнирі басталды. Биыл бұл жарыс 68-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Болгариядағы жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 7 боксшы қатысуда. Өкінішке орай турнирдің бірінші кезеңінде екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Құрметов грузин боксшысы Отар Ераносянға 3:2 есебімен ұтылды. Ал 56 келіге дейінгі салмақта ел чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбол Қалжанов өзбек боксшысы Бахтовар Назирбековке жеңілді.

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) нидерланд боксшысы Хавьер Кохленді айқын ұтты. «Astana Arlans» сапында бақ сынап жүрген ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев үнді боксшысы Сатиш Кумардан 5:0 есебімен айласын асырды. Азамат Исақұлов пен Ержан Жомарт та бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Ержан өткен жылы осы турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Бүгін 75 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаңға шығады. Жарыстың жартылай финалы мен финалдық жекпе-жектері 25-26 ақпан күндері өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама