auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ боксшылары әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр?

Қазақ боксшылары әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр?
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері Германияда өтетін әлем чемпионатына алғашқы дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Галле қаласында өтетін жаһандық жарысқа Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы жолдама алған болатын. 

Елордамыз Астана қаласында өткен Президент кубогынан кейін біздің боксшылар демалысқа кетіп, өткен аптаның соңында қайта жаттығу жұмыстарына кірісті. Алдағы оқу-жаттығу жиындары кезінде Қазақстан боксшылары Галле қаласында өтетін әлем чемпионатына алғашқы дайындықты өткізеді. 

Әлем чемпионатына дейін Мырзағали Айтжанов баптайтын біздің құрама екі жаттығу жұмыстарын өткізеді. Оның бірі - Алматыдағы академиясында өтсе, екіншісі Астана қаласында өтеді. Қазіргі уақытта боксшыларымыз Түркия жерінде жаттығу жұмыстары алындағы қалыпқа келу жаттығуларын өткізуде. Бұл жаттығу жиындары 10 күнге созылады. 

Түркия жерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жайлы Қамшыбек Қоңқабаев әлеуметтік желілерде суреттер салып жатыр. Алдағы әлем чемпионаты 26 жастағы былғары қолғап шеберіміз үшін бірінші әлем чемпионаты болмақ. 



Қамшыбек әлеуметтік желілерге салған суреттерде Қазақстан құрамасының басқа да боксшыларын көруге болады. Тарқатып айтсақ, Азия чемпионатына қатысқан Азамат Исақұлов (52 келі) және Әбілхан Аманқұл (75 келі) бар. 








Ал Бекдәулет Ибрагимов (суретте сол жақта, 64 келі) жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Сұлтан Зәуірбек (60 келі) және Шалқар Айқынбаймен (49 келі) түскен суретті салды. 

Германиядағы әлем чемпионатына қатысан боксшылардың тізімі:

52 келі - Азамат Исақұлов;
56 келі - Қайрат Ералиев;
60 келі - Әділет Құрметов;
64 келі - Бекдәулет Ибрагимов;
69 келі - Абылайхан Жүсіпов;
75 келі - Әбілхан Аманқұл;
81 келі - Ерік Әлжанов;
91 келі - Василий Левит;
91 келіден жоғары - Қамшыбек Коңқабаев.

Еске салайық, Германиядағы бокстан әлем чемпионаты 25 тамыз күні басталады. Бұл біріншілікте боксшылар соңғы рет 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуы мүмкін. Өйткені, AIBA 2020 жылғы Олимпиада ойындарында бокстағы салмақты 10-нан 8-ге дейін қысқартамыз деп хабарлап отыр. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама