Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Германияда өтетін халықаралық турнирге аттанды,- деп хабарлайды Olympic.kz.
Германияның Кельн қаласында бокстан халықаралық турнир өтеді. Қазақстан ұлттық құрама сапынан аталған додаға сегіз боксшы қатысады.
Олар:
1. Сәкен Бибосынов (52 кг)
2. Оразбек Асылқұлов (57 кг)
3. Ертуған Зейнулинов (63 кг)
4. Асланбек Шымбергенов (69 кг)
5. Ермахан Жақпеков (75 кг)
6. Нұрбек Оралбай (81 кг)
7. Айбек Оралбай (91 кг)
8. Қамшыбек Қоңкабаев (+91 кг)
Айта кетерлігі, аталған жарыс 14 наурызға дейін жалғасады.